Соңғы 15 жылда әлемдегі орман-тоғай аумағы 100 млн гектарға азайған
Соңғы 15 жылда әлемдегі орман-тоғай аумағы 100 млн гектарға азайған
5 жыл бұрын 2848 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымы келтірген дерекке қарағанда, әлемдегі орман-тоғай аумағы 2000 жылы 4,1 млрд гектардан 2015 жылы 4 млрд гектарға дейін кеміген. Бұл жайында Anadolu Ajansi ақпарат көзі хабар таратты. Орман-тоғай адамзаттың өмір сүруіне қажетті планетаның экологиялық жүйесінің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін, ауа мен судың тазалығын сақтайтын ресурс болғандықтан ғалымдар мен жабайы табиғат жанашырлары соңғы жылдары орман-тоғайдың жаппай оталуына байланысты дабыл қағып, алаңдаушылық білдіріп отыр. Сарапшылардың есебінше, орман-тоғай Тынық жағалауы елдері мен Австралияда және Жаңа Залендияда жаппай оталып жатыр. Бұл өз кезегінде 1 млрд-тан адамның өміріне қауіп төндіруде. 

0 пікір
Мұрағат