201 күмбезі бар, Гиннес рекордтар кітабына енген мешіт (фото)
201 күмбезі бар, Гиннес рекордтар кітабына енген мешіт (фото)
5 жыл бұрын 3581 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бангладеште, жергілікті тұрғындардың айтуынша, туристерді тартуға көмектесетін ерекше мәдени кешен - сәулеті өзгеше мешіт ашылды. Архитектуралық шешімі тосын, тіпті, готикалық үлгіде салынып жатқан мешіттер барын білесіздер. Дизайны мен сәулеті таңдай қақтыратын, көз жауын алатын мешіт салу сәнге айналған осы заманда мұндай мешіт тек күмбезімен ғана ерекшелене ме? Кезінде Азияны ашса - алақанында, жұмса - жұдырығында ұстаған Моғолдардың дәстүрлі үлгісінде тұрғызылған мұсылмандардың бұл құлшылық үйі бангладештіктердің мақтанышы айналған. Осынау ғибадат ғимаратын салуға атсалысқан Рафикул Исламның айтуынша, мереке-мейрам кездерінде бұл мешітке 10 мыңға тарта адам келеді. "201 күмбезді мешіт" аталып кеткен мұсылмандардың құлшылық үйі аталған елдің Тангайл өлкесіне қарасты Оңтүстік Патхалия елді-мекенінде ағып жатқан Джхенай өзенінің жағалауында бой көтерген болатын. Яғни, ел астанасы - Дакки қаласынан 140 шақырым қашық жатқан бұл мешітте бір мезетте 30 мың адам намаз оқи алады. Оның құрылысы 2013 жылдың қаңтар айында басталған болатын. Аумағы атшаптырым - 2 гектар жерді алып жатыр. Рафикул Ислам өзінің жеріне тұрғызған болатын. Әлбетте, бұл мешітті тұрғызу үшін бір өзінің жағдайы келмейді. Қайырымдылық қорын ашып, нәтижесінде 13 млн доллар жиналады. Бұл мешіт мұнарасының биіктігімен де ерекшеленеді - 140 метр (55 қабатты зәулім үйдің биіктігімен пара-пар). Рафикул бұл мешітті тұрғызбас бұрын алдымен әлемнің маңдайалды мешіттерін өз көзімен көріп, олардың ерекшелігіне ден қойған болатын. Туристерге қолайлы болуы үшін мешіт жанынан тікұшақ ұшып-қонатын алаң жасатқан еді. Бұдан бөлек, мешіт жанынан қарттар үйі мен балалар үйін ашуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, әйелдерге арналған қайырымдылық емханасы да салынады. Мешіт сәулетшісі Мринма Адхикари есімді азамат. Бұл мешіттің бір қабырғасы латун панелінерн тұрғызылған - бастан-аяқ қасиетті Құран сүрелерімен және аяттарымен өрнектелген. 

Ðак вÑглÑÐ´Ð¸Ñ Ð¼ÐµÑеÑÑ Ñ 201 кÑполом, воÑедÑÐ°Ñ Ð² ÐÐ½Ð¸Ð³Ñ ÑекоÑдов ÐиннеÑа?

0 пікір
Мұрағат