Солтүстік Кореяның соғыс жағдайында қолданылатын «құпия қаруы»
Солтүстік Кореяның соғыс жағдайында қолданылатын «құпия қаруы»
6 жыл бұрын 3829 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

National Interest деп аталатын талдау материалдарымен танылған америкалық мерзімді басылым Корей түбегіндегі жерасты әскери базаны Солтүстік Кореяның «құпия қаруы» деп атады. Бірден айта кету керек, ядролық бағдарламасы мен сынақтары үшін АҚШ бастаған алпауыт державалардан бөлек әдетте саяси өмірде көп көріне қоймайтын мемлекеттердің өзі наразылық білдіріп отырған Солтүстік Кореяның жерасты әскери инфрақұрылымы жақсы дамыған. Бұл өз кезегінде аталған елдің қорғаныс қабілетін күшейтіп қана қоймай, тіпті, майдан барысын, соғыстың беталысын өзгертуге мүмкіндік бермек. Аталмыш ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, 1974 жылы Солтүстік Кореядан милитаризацияланған аймақтан жерасты тоннелі табылған болатын. Бұл тоннелден екі сағаттың ішінде солтүстік кореялық сарбаздар аймақты қиып өте алады. Кейін бұдан да үлкен тоннел қазылған болатын. Оңтүстік Кореяның бұрынғы негералы Хан Сун Чудың айтуынша, Солтүстік Кореяда кем дегенде 84 жерасты тоннелі бар. Олардың кейбіреуі Оңтүстік Kорея астанасы – Сеул қаласына дейін жетеді. Бұдан бөлек, Солтүстік Кореяның жерасты үш авиабазасы бар.

0 пікір
Мұрағат