«Фил» модулі тарихта бірінші рет кометаға қонды
«Фил» модулі тарихта бірінші рет кометаға қонды
9 жыл бұрын 3650 islam.kz

Розетта зондының (Rosetta) Фил модулі (Philae) Чурюмова–Герасименко деп аталатын комета ядросының беткі қабатына сәтті қонды деп хабарлайды Reuters агенттігі. Бұл тарихта алғаш рет орын алып отырған жағдай.

Фил модулі 12 қараша күні Мәскеу уақытымен 11:30-да Розетта зондынан бөлініп, Жерден 510 миллион километр қашықтықта (Марс пен Юпитер орбиталарының арасында) 18 км/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан кометаға қонған. Комета ядросының беткі қабатына қону үшін жеті сағаттай уақыт жұмсалыпты. Бұл уақыт аралығында аппарат әлгі кометаны, сонымен қатар Розетта зондысын суретке түсіріп алған. 

Розетта зонды осыдан 10 жыл бұрын, яғни 2004 жылы жіберілген болатын. Сол кездегі жіберілген үміт бүгін де сенімді ақтап отыр. Еуропалық ғарыш агенттігінің бұл жобаға салған қаржының жалпы көлемі €1,4 млрд құрайды.

2 пікір
Мұрағат