Швецияда исламофобияға қарсы ұлттық стратегия әзірленіп жатыр
Швецияда исламофобияға қарсы ұлттық стратегия әзірленіп жатыр
9 жыл бұрын 2531

Швед билігі соңғы уақытта осы елдегі үш мешітке шабуыл жасалғанын ескере отырып, исламофиялық жат құбылыспен күресу үшін ұлттық стартегияны әзірлейтіндерін жария етті. Аталмыш жобаға осы елдегі мұсылман жамағаты мен ұйымдары өз үлестерін қосып, атсалысатын болады. Бұл жайында Швецияның мәдениет министрі Алис Ба Кунке мәлімдеме жасады. Министрдің мәлімдемесінің алдында ел астанасы – Стокгольмде және  Упсале, Гетеборг, Мальме қалаларында жарты айға толар-толмас уақыт аралығында үш бірдей мешітке жасалған шабуылға мұсылмандар наразылық танытып, манифестация өткізген болатын. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың, яғни, 2014 жылдың желтоқсан айының 25-і күні белгісіз біреулер Эскильстюн қаласындағы мешітке от қойған болатын (бұл турасында сайтымызда хабардар еткенбіз), арада бір апта уақыт өтер-өтпестен, дәлірегі, желтоқсан айының 29-ы күні Эслев елді-мекені маңындағы мешітке беймәлім қаскүнемдер шабуыл жасап, от қойған еді. 2015 жылдың қаңтар айының 1-і күні Упсала шаһарындағы мешітке жанғыш қоспасы бар зат лақтырып кеткен болатын. Осыған қарамастан Швецияның озық ойлы, саналы жұрты мешітке қастандық жасап, вандализмге барғандарға өз наразылықтарын білдіріп жатыр. Huffington Post ақпарат көзінің хабарына қарағанда, ел астанасында «Менің мешітіме тиіспеңдер» деген ұранмен жүздеген адам шеруге шықты. Ал Уппсала қаласында жуырда орын алған мешітті өртеу оқиғасынан кейін жергілікті тұрғындар қағаздан қиып жасалған, махаббат пен сүйіспеншіліктің символы болып табылатын «жүрек» белгісін мешітке жапсырып, өздерінің мұсыылмандар жағында екенін аңғартты. Сондай-ақ, Эскильстун, Мальмо және Гетеборг елді-мекендерінде де исламофобияға қарсы шеру өтті. 

0 пікір
Мұрағат