Ауыр қылмыстан ауыр күнәға
Ауыр қылмыстан ауыр күнәға
2 жыл бұрын 651

Tengrinews ақпарат көзінің хабарлауынша, Бельгияда кісі қанын мойнына жүктеп, әйел зорлап, осылайша ауыр қылмыс жасап, өмір бойы бас бостандығынан айырылған тұтқындар енді ауыр күнәлардың бірінен саналатын – аманат жанына қиянат жасамақшы. Дәлірегі, олар эвтаназия жасату (өз еркімен өмірін қию) құқығы үшін күресіп жатыр.  Ақпаратқа қарағанда, осыдан 20 жыл бұрын әйел зорлап, оның қанын мойнына жүктеп, Тюрнхаут түрмесінде жазасын өтеп жатқан Франк ван ден Блекен есімді 51 жастағы тұтқын эвтаназия жасату құқығына қол жеткізді. Осыған байланысты ол қаңтар айының 9-ы күні Брюгге қаласындағы абақтыға жеткізіледі. Ал қаңтардың 11-і күні эвтаназия процедурасы өтеді. Сондай-ақ, тағы 15 тұтқын өздеріне эвтаназия жасатуға өтініш білдірген екен. Франк ван ден Блекенге сот 2014 жылдың қыркүйек айында эвтаназия жасатуға рұқсат берген болатын. Ол жасаған қылмысы үшін ар азабын тартқандықтан осындай барып отырғанын жасырмады. 

 

0 пікір