Шошқалар қырылып жатыр
Шошқалар қырылып жатыр
2 жыл бұрын 2094

«Қазақстан жаңалықтары» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Еуропалық одақ аумағында 83 доңыздан африкалық шошқа обасы анықталған. Оның 33-і қорадағы доңыз болса, 50-і жабайы қабандар. Нақтырақ айтқанда, Литвада –7, Латвияда – 62, ал Польшада 14 доңыз осы обадан өлген. Африкалық шошқа обасы алғаш рет 1903 жылы Оңтүстік Африка Республикасында пайда болған. Онымен сырқаттанған немесе жұқтырған адамды емдеп жазу мүмкін емес. Тек қатаң оқшаулау арқылы аурудың таралуына жол бермеуге болады.

0 пікір