Езиттердің балалары шөл қысқаннан қан ішуде
Езиттердің балалары шөл қысқаннан қан ішуде
2 жыл бұрын 1135

Күрдістанның босқындар лагерінде жүрген Sky News ақпарат көзінің тілшісі Шерин Тадростың баяндауынша, Синжар тауында қоршауда қалған азшылықты құрайтын, күрдтерден тарайтын езиттердің жағдайы жан шошырлық. Нақтырақ айтқанда, 30 мыңдай езит мұсылман қайраткерлері мен ислам ғұламалары бірауыздан айыптап отырған «Ирак-Сирия Ислам мемлекеті» (ИСИМ) содырларының кесірінен қоршауда қалып қойған. Ауыз судың болмауынан және азықтың тапшылығынан езиттердің балалары шыбындай қырылып жатыр. Баларын аман алып қалу үшін езиттер күре тамырларын қиып, қанын баларына ішкізуде.  

0 пікір