Шам жерінен Израил нені қалап отыр немесе мүддесі қандай
Шам жерінен Израил нені қалап отыр немесе мүддесі қандай
6 жыл бұрын 4793 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Шам жеріндегі соғыс аяқталып келеді. Осыған байланысты Израил билігі Сирия билігімен келіссөзді барынша жандандыруға күш салып жатыр. Израил, ең бастысы, 1974 жылы орын алған Ақырзаман соғысынан кейін қабылданған келісімнің күшінде қалғанын қалайды. Тарқатып айтқанда, сириялық әскер аталған жылы израилдіктер басып алған Голан жотасын қайтарып алмауы тиіс. Десе де әлемнің бірде-бір елі, тіпті, жақын одақтасы АҚШ-тың өзі сириялықтарға тиесілі Голан жотасын Израилдің аумағы ретінде мойындаған емес. Израилдің тағы бір көздегені: Шам жерінен ирандық әскерилердің барлығын болмаса да олардың біразын аталған ел аумағынан кетуіне қол жеткізу. Шекара аймағынан кем дегенде 50 шақырым қашық кетіру. Шам жерінде ирандықтардың әскери базасын болдырмау үшін де күш салып жатыр. 

0 пікір
Мұрағат