Аралардың жаппай қырылуына не себеп болып отыр
|

Америкалық ғалымдар әлемнің әр түкпірінде адамзатқа, қоршаған ортаға аса пайдалы аралардың жаппай қырылуына не әсер етіп отырғанын анықтапты. Inforeactor.ru ақпарат көзі таратқан хабар мен келтірген дерекке қарағанда әрі мамандардың жорамалы бойынша көп ұзамай аралар жер бетінен жойылудың аз-ақ алдында тұрады. Тек соңғы он жыл ішінде ғана барлық ара түрінің 25-30%-ы жойылып кеткен. Бұған ғаламдық жылыну тікелей себеп болып отыр. Ауа температурасының жылдан жылға көтерілуі ара ұяшығын жылытып, бұл өз кезегінде аталған қанатты жәндіктердің толық қысқы ұйқыға кетуіне кедергі келтіруде. Осыған байланысты аталған тіршілік иелері қордағы майын тез тауысып, аштықтан шектен тыс әлсіреп оянады.
Мұрағат
Көп оқылғандар

■
АҚШ-тың құмырадан шығарған "жыны"...

■
Өзінің сұрықсыз өмірін 305 мың долларға сатып жіберді...

■
Саудия билігі "Таблиғи жамағаттан" төнер қауіпті атады (видео)

■
Ресей тәліптер қозғалысын террористік ұйым деп танудан бас тартуға дайын

■
Әлі күнге құл иеленушілер мен құлдар елі барын білесіз бе (фото)