Саудияда неке қидыру жасын ұлғайтты
Саудияда неке қидыру жасын ұлғайтты
5 жыл бұрын 2798 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудияның кеңесшілер алқасының Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жасы 15-ке толмағандардың некелесуіне тыйым салу туралы айтылған. Бұдан бөлек, жасы 18-ге толмаған жасөспірімдердің некесін қию құзыретін арнайы сотқа беру мәселесі де назардан тыс қалмаған. Сөз орайы келгенде айта кету керек, өткен жылдың шілде айында саудиялық депуттардың бір тобы жасы 15-ке толмаған қыздардың тұрмысқа шығуына тыйым салуды, сондай-ақ, жасы 18-ге толғанда ғана қыздың әрі анасының келісімімен және күйеуге шығуға жасы жеткені турасында медициналық анықтама алған соң рұқсат беруді талап еткен еді. 

0 пікір
Мұрағат