Сақал өсіргендерді шетелге жібермейтін ел
Сақал өсіргендерді шетелге жібермейтін ел
5 жыл бұрын 2411 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тәжікстанның жазылмаған заңы бойынша жасы алпысқа жетпей сақал өсірген ер-азаматтарға шетелге шығуға мүмкіндік беретін төлқұжат берілмейді. Бұл жайында «Озоди» ақпарат көзі хабар таратты. Десе де Тәжікстанның ішкі істер министрлігі сақал өсіргендерге шетелдік төлқұжат беруге тыйым салынбағанын айтып, ақталып бағуда. Бұдан бөлек, аталған ел аумағындағы қоғамдық орындар мен көшеге сақал жіберген ақсақалдардан өзгесін мәжбүрлеп қырындырып жатқаны турасында ақпарат тараған болатын. Тәжікстанның ғұламалар кеңесінің 2012 жылы қабылдаған шешімі бойынша ел тұрғындары сақалының ұзындығы бес еліден аспауы тиіс. 

0 пікір
Мұрағат