Сауд Арабиясы аса ірі мұсылман еліне салафшылдықты енгізуге күш салып жатыр
Сауд Арабиясы аса ірі мұсылман еліне салафшылдықты енгізуге күш салып жатыр
7 жыл бұрын 7317 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын Сауд арабиясының королі Салманның әлемде мұсылмандар ең көп шоғырланған Индонезияға барғанын хабарлаған едік. Индонезия билігі мен ресми тұлғалары монархтың бұл сапарын екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту мақсатында жасалғанын мәлімдегенін болатын. Шын мәнінде Сауд Арабиясы Индонезияның діни істеріне көп қаржы құйып отырғанын айта кету керек. Нақтырақ айтқанда, 1980 жылдары Сауд арабиясы Индонезияға салафшылдықты енгізу үшін миллиондаған доллар бағыттаған екен. Саудиялықтар өз қаражатына аталған елде 150-ден аса мешіт тұрғызып, ел астанасы – Жакарта қаласында тегін унивеситет пен бірнеше институт ашып берген болатын. Бұған қоса, оқытушылар мен оқулықтарды да Сауд арабиясы қамтамасыз еткен еді. Индонезияда араб тілін оқытатын Сауд Арабиясының бірнеше медресесі мен интернаты бар. Индонезиялық діни білім алғысы келетіндер Сауд арабиясының қамқорлығын көріп келеді: Сауд рабиясының аумағындағы жоғарғы оқу орындарында тегін білім алып қоймай, шәкіртақыға да ие болып отыр. Негізінде Шафиғи мәзһабын ұстанатын индонезиялықтарды осылайша сәлафшылдыққа тартуда. Жакарта қаласының оңтүстігіндегі LIPIA институты сәлафизм орталығына айналған. Аталмыш жоғарғы оқу орнының демеушісі Сауд арабиясы. Аталған институтта біліим алып жүрген индонезиялық жастар сәлафшылдарға тән қысқа балақты шалбар киеді. Әдетте саудиялықтар тегін ашып берген интернаттар мен медреселерде тұрмысы төмен индонезиялықтардың балалары оқиды.

0 пікір
Мұрағат