Жұмыссыздық рекордтық көрсеткішке жетті
Жұмыссыздық рекордтық көрсеткішке жетті
7 жыл бұрын 3169 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ауғанстанның статистика институты елдегі жұмыссыздыққа қатысты дерек келтірді. Аталмыш институт жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижесіне қарағанда, өткен жылы ауғандықтардың 40 пайызы жұмыс таппаған. Ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 35 пайызды құраған еді. Әсіресе, ел астанасы – Кабул қаласында және Нангархар, Мазари-Шариф және Герат секілді ірі елді-мекендерде екі қолға бір күрек таппай сенделіп жүргендердің қарасы көп. Ауғанстанның еңбек министрлігінің ресми өкілі Әбдіфаттах Ашраттың айтуынша, 2014 жылы НАТО өз әскерін ел аумағынан шығарғаннан кейін жұмыссыздық күрт белең алған. Өйткені, олардың кетуіне байланысты көптеген компаниялар өз жұмысын тоқтатқан. 

0 пікір
Мұрағат