Әлемдегі ең жолы болмаған адам
Әлемдегі ең жолы болмаған адам
10 жыл бұрын 10455

Оның жолы болғыш па, әлде жоқ па? Оның төрелігі өздеріңізде.

1962 жылдың қаңтардың қақаған күнінде ән сабағынан беретін хорват мұғалімі Фрейн Селак (Frane Selak) Дубровниктегі Сарайдан пойызға отырып, саяхатқа шығады. Ол Дубровникке жетіп аламын деп ойлаған, алайда, таңғажайып әрі аса қауіпті оқиғалаларға толы 40 жылдық одиссеяға аттанғанын білмейді. 1962 жылы ол отырған пойыз түсініксіз бір себептермен рельстен шығып кетіп, мұз қатқан өзенге құлайды. Осы апаттан 17 адам опат болады. Фрейн Селак жағалауға әупірімдеп шығады. Оның бір қолы сынған екен, алайда, тірі қалғанына шүкіршілік етеді. Осыдан бір жыл өткеннен кейін біздің кейіпкеріміз ұшақпен Загреб шаһарынан Риека қаласына ұшады. Ұшақтың есігі ашылып кетіп, жолаушылар ұшақтан құлайды. Бірнеше минуттан кейін ұшақ жерге құлайды. Бұл жолғы апаттан 19 адам өмірімен қош айтысады. Фрейн Селак есін ауруханада бір-ақ жинайды. Сөйтсе, бірнеше жерінен жарақат алған біздің кейіпкерімізді шөмеленің үстінен ес-түссіз жатқан жерінен тауып алған екен. Ал 1966 жылы ол автобуспен кетіп бара жатқанында көлік жолдан шығып кетіп, өзенге құлайды. Осы жолғысында 4 адам көз жұмады. Фрейн Селак бұл жолы да аман қалады. Тек бірнеше жерінен жарақат алғаны болмаса. 1970 жылы ол өзінің автокөлігімен кетіп бара жатқанында астындағы темір тұлпары түтіндей бастайды. Жанар-жағармай құйылған бак жарылмай тұрып, көлікті тоқтатып сыртқа шығып үлгереді. 1973 жылы сапары кезінде өзге біреудің ақауы бар сорғысы жанар-жағармайды Фрейн Селктың оталқышына шашыратып, осының салдарынан желдету саңылауынан жалын оты сумаң ете қалады. Бұл жолы да бір қатерден аман қалғанымен оның шашы түгел күйіп кетеді. Міне, осы сәтсіздіктерден кейін достары оны өзінің  есімімен емес, «Жолы болғыш» деп атап кетті. 1995 жылы Загреб елді-мекенінде оны қала автобусы қағып кетеді, осы жолы жеңіл жарақат алады. 1996 жылы тау соқпағымен кетіп бара жатқанда өзіне қарсы беттеп келе жатқан жүк көлігін көріп, өз көлігін тастай қашады, аттап-бұттап қоршаудан секіріп өтеді әрі арасы 90 метрдей қашық төменде оның көлігі жарылады. Осынша сәтсіздікке ұшырағанымен ұдайы аман қалатын ол әлемге таныла бастайды. «Бұған екі түрлі қарауға болады: мен не әлемдегі ең жолы болмайтын адаммын, не әлемдегі ең жолы болғыш адаммын»,- деді ол өзі турасында. Мұның ақыры немен бітті дейсіздер ғой? Әлбетте, бақытты сәтпен. 2003 жылы 74 жасында ол 40 жылдың ішінде алғаш рет лотерея билетін сатып алады да 1 млн доллар ұтады. Ол тілшілерге бұл ақшасына үй, көлік және жылдам жүзетін катер сатып алатынын, сондай-ақ, үйленетінін айтады. (Фрейн Селак өмірінде төрт рет шаңырақ көтерген екен. Бұған қатысты ол өзінің бұл қадамы да сәтсіздікке жиі ұшырағанын жайып салды) 2004 жылы оған Австралия теледидарында Doritos чипс жарнамасына түсуге ұсыныс айтылады. Басында ол бұған келісімін бергенімен артынан айнып қалады. Себебі, сонау жер түбіндегі Австралияға жету үшін ұшаққа отыруына тура келетін еді... (не үшін бас тартқанын өздеріңіз де сезіп отырған шығарсыздар). 

4 пікір
  • шынымен де қызық екен
    10 жыл бұрын
  • Мен өзімнің кей күндерімді "сәтсіз күн" деп атаймын. Жолым болмайтын күндер былай басталады:
    Таңертең автобуста кондуктор дөрекілік танытады;
    Жұмысқа келгенде бастықтан себепсіз ұрыс есту;
    Кейде бірінші, екінші бастықтан қатар сөз естисің;
    Жылы жауап бере салатын нәрсеге таусылып, ашуланып айтып саласың;
    Жұмыстан шаршап үйге келгенде танысың звондап хабарласпай кеткеніңе ренішін айтады;
    Ең соңында жатарда ең жолы болмайтын адам өзің сезініп жатасың. Бірақ ертесіне кешегінің уақытша екенін тағы түсінесің...
    10 жыл бұрын
  • Егер, Аллаһ тағалам оны осыншама сыннан алып қалса, оған тек қана Аллаға шүкір етіп, Ислам дінін қабылдау қажет! Жалпы соңғы кезде осындай ойлар келеді...
    10 жыл бұрын
  • Bir japirakta Allahtin kalauinsz tuspeidi!!!Naturalister osi istin barin kanday iktimaldilikka zhatkizadi eken???
    10 жыл бұрын
Мұрағат