Ресейде криптовалютаға заңмен тыйым салынды
Ресейде криптовалютаға заңмен тыйым салынды
4 жыл бұрын 2053 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясы аумағында криптвалюта шығару мен оның айналымы өз-өзін ақтамайтын тәуекел ретінде бағаланған аталған елдің цифрлы қаржы активтері туралы заң жобасында. Аталмыш заң жобасында Ресей аумағында криптовалютаны шығару мен оны айналымға енгізуге тыйым салу қарастырылған. Сондай-ақ, аталмыш тыйымды бұзғандарды жауапкершілік тарту көзделген. Бұл жайында vesti.ru ақпарат көзі хабар таратты. Ал "Интерфакс" ақпарат көзінің дерегінше аталған елдің орталық банктің заң департаментінің жетекшісі Алексей Гузнов аталған заң жобасына байланысты пікірін білдіре келе Ресей банкінің ұстанымы өзгеріссіз қалатынын жеткізді. Яғни, оның айтуынша, криптовалюта айналымын заңдастыру қатерлі қадам болмақ. Ең алдымен елдің қаржы тұрақтылығына, табысты жымқыруға қарсы тұру жүйесіне қауіп төніп, тұтынушылар құқығы бұзылады. Десе де кейбір сарапшылар криптовалютаны шетелдік валюта ретінде қарастырып, соған орай валюталық реттеу және валюталық бақылау заңнамасында көзделген ереже талаптарына сай қолдануды ұсынып отыр. Ал билік орындары цифрлы валютаға ие болуға тыйым салмайтынын мәлімдеді. Аталмыш заң жобасында  оны шығаруға әрі айналымға енгізуге тыйым салынғанын алға тартып отыр. Ең бастысы, ресейлік заңнамасы жаңа технологияның дамуына кедергі келтірмеуі керек, деп есептейді Алексей Гузнов.

0 пікір
Мұрағат