Ғалымдар акула терісіне қарап, "ақылды" материал жасады (видео)
Ғалымдар акула терісіне қарап, "ақылды" материал жасады (видео)
4 жыл бұрын 2798 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Калифорния университетінің ғалымдары ірі теңіз жыртқышының терісіне қарап, ақылды материал жасай алды. Ол түрлі тәсілдермен дыбыс толқынын күшейте алады немесе құмықтыра алады. Нақтырақ әрі тарқатыңқырап айтсақ, акустикалық метаматериал әдетте дыбыс толқынын басқару үшін әзірленеді. Алайда, ол бір ғана функцияны орындай алады, мәселен, суасты кемесінен шыққан дыбысты құмықтырады. Аталмыш құрылғыны өзге функцияға ауыстыра алмайсыз – ондай жағдайда басқа акустикалық құрылғыны пайдалануға тура келеді. Ал америкалық аталмыш жоғарғы оқу орнының ғалымдары ойлап тапқан акустикалық метаматериал түрлі функцияға ауыса алады – бұл мұқият іріктелген магникттік поля көмегімен жүзеге асырылады.  Ғалымдардың айтуынша, бұл метаматериалдың микроскопикалық құрылымы толқынды әдеттегідегіден өзгеше тәсілмен қайтарып тастайды. Бұл өзгешелік сындыру көрсеткіші деп аталады. Бұл жайында hightech.fm ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат