Ресей Сириядағы соғысты өзінің қаруын сынап көру үшін пайдалануда
Ресей Сириядағы соғысты өзінің қаруын сынап көру үшін пайдалануда
7 жыл бұрын 4055 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Le Figaro басылымының тілшісі Ален Барлюэ Ресейдің 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап, Сириядағы соғысқа араласқалы бері әскери ұрыс қимылдары кезінде өзінің жаңа қаруларын сынақтан өткізіп келе жатқанын жазыпты. «Ресей әскері тактикалық мақсатта да, коммерциялық жағынан да, технологиялық тұрғыдан да өзінің қуатын сынап көру, полигонға айналдыру үшін әскери операциядан пайда көріп қалғысы келген жалғыз ел емес. «Ұрыс қимылдарынде тексерілген» деген кепілдік  экспортқа шығарылатын қаруды өткізуде маңызды рөл ойнайды»,- деп жазылыпты мақалады. «Ресей үшін мұндай міндеттер мен мақсаттар маңызды, өйткені, бұл мемлекет жылдам қарқынмен қорғаныс қабілетін соңғы ондаған жыл ішінде қалпына келтіруде. Әлемдік қару экспортындағы бұл елдің үлесі 25%-ды құрап отыр. Тіпті, РФ қорғаныс министрі Сергей шойгудің айтуынша, Сириядағы соғыста қарудың және соғыс кешендерінің 160 түрін сынақтан өткізген. Олардың бәрі мықтылығы мен тиімділігін көрсетті»,- депті автор. Мақала авторы тек жалаң гипотезалармен шектеліп қалмай,  бірқатар мысалдар келтірген екен. Атап айтқанда, 2015 жылы Сириядағы интервенциясы кезінде Ресей сириялық Хмейми әуебазасымен түрлі әскери тапсырмаларды орындау барысында көп функционалды “Сухой” Су-34 жойғыш бомбалаушы ұшағын да пайдаланғанын жазыпты. «Кремльге қарайтын «Валдай» сараптамалық-талдау орталығы Мәскеу Сирияда осы заманғы жаңа техника болып табылатын бомбалар мен зымырандардың көптеген түрін пайдаланған. Ішінара алғанда,  ресейлік әскерилер қалың бетон қабырғаны тесіп өте алатын, лазерлік жүйесі бар, нысанасын коррекциялай алатын КАБ-500 авиациялық бомбаны қолданған. “Калибр” зымыран кешені (2600 шақырымдық арақашықты бағындыратын) нақты қарсыласқа суасты кемесінен бірінші рет зымыранмен соққы берді. Ресейдің әскери-теңіз күштерінің жаңа кемелері  21631 (шифр “Буян-М”) шағын зымыран кеме жобасы болып табылады. Ол Каспий теңізінің акваториясынан қарсыласының позициясын ату үшін пайдаланған»,- деді Барлюэ. Бұл жайында umma.ua ақпарат көзі хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат