Зариф: Иран халқы тарихта еврейлерді үш рет құтқарды
Зариф: Иран халқы тарихта еврейлерді үш рет құтқарды
7 жыл бұрын 2791 Baq.kz

Иран Сыртқы істер министрі сионистік режим Премьер-министрінің Иранның ұлы халқына қарсы айыптар тағуы мен уәж айтуына жауап берді, деп жазады parstoday.com.

 

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Twitter әлеуметтік желісінде Израильдің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың ирандықтардың өз тарихында еврейлерді жоюға талпыныс жасағаны, бірақ жеңіліске ұшырағаны туралы уәждеріне берген жауабында: «Нетаньяху өз тарихында үш рет еврейлерді құтқарған халыққа қатысты нәсілшілдік өтіріктерін айту үшін Таураттың бұрмаланған тарихына жүгінеді. Өтірік уәж айту – Нетаньяхудың әдеті»,-деді.

Тарихи деректер бойынша, ирандықтар тарих бойында еврейлерді бір рет «Хаман» қастандығынан, екі рет Вавилонда тұтқыннан құтқарған.

Сонымен қатар, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде еврейлер Еуропада қырғынға ұшыраған кезде ирандықтар оларға пана берді.

Нетаньяху соңғы бірнеше күнде Иранның Палестинаны басып алу және палестиналықтардың құқықтарын бұзуға қарсылық білдіруін еврейлермен жауластық деп түсіндіруге талпынысын жалғастырып, Мәскеу мен басып алынған Палестина жерінде «Ирандықтар 2500 жылдан бері еврейлерді жоюды көздеп келеді» деген уәж айтқан болатын.

0 пікір
Мұрағат