Рамазанда мұсылманша есімдерді осы заманғы аттармен ауыстыруға мәжбүрлеуде
Рамазанда мұсылманша есімдерді осы заманғы аттармен ауыстыруға мәжбүрлеуде
7 жыл бұрын 4254 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайдағы азшылықты құрайтын этникалық ұйғырлар мекен еткен Синьцзян аймағында кәмелет жасына толмағандарды мұсылманша азан шақырылып қойылған аттарын осы заманғы зайырлы есімдерге ауыстыруға мәжбүрлеп жатыр. Мұсылманша есімді жасөспірімдер тәртіп сақшыларының көзінше ауыстыруы тиіс. Яғни, желкесінен төніп тұрған полиция қызметкерлерінің куәләгәмен жүргізіледі. Қасиетті Рамазан айында Синьцзян провинциясы билігі жасы 16-ға тола қоймаған жасөспірімдердің барлығына полиция бөлімшесіне келуге бұйрық берген. Олардың есімдері сарапталады. Егер мұсылманша қойылғаны анықталса, оның есімі ауыстырылады. Бұрын хабарлағанымыздай, қытайлардың қара тізіміне енген "Ислам, Құран, Имам, Жиһад, Мекке, Саддам, Қажы, Мәдина және Арафат" деген атауларды есім етіп қоймауы тиіс. Қара тізімге енген есімдерді қойған жағдайда балаға ат қойған адам заңмен қудаланады. Бұл жайында The Guardian ақпарат көзі хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат