Мұсылман емес елде тамақ жарнамасы ауызашар уақытынан кейін көрсетіледі (видео)
Мұсылман емес елде тамақ жарнамасы ауызашар уақытынан кейін көрсетіледі (видео)
7 жыл бұрын 2811 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жаңалықтар тарататын DutchNews ақпарат көзінің хабарлауынша, Голландия астанасы - Амстердам қаласында жергілікті халықтың салт-дәстүріне келе бермейтін, сол себепті, голландықтардың көзіне өзгеше болып көрінетін халал тағам жарнамасы пайда болды. Дәлірегі, шариғат талаптарына сай әзірленген фастфуд жарнамасы, бір қызығы, қасиетті айда ораза ұстаған мұсылмандарға құрмет ретінде тек ауызашар уақыты кіргеннен кейін жұрттың назарына ұсынылады. Бұл жарнаманы Halal Fried Chicken деп аталатын халал фастфуд саудасын жандандыру үшін Etcetera жергілікті жарнама бюросы дайындаған болатын. Жарнаманы әзірлеу барысында автобус және трамвай аялдамаларында жарық шашатын арнайы технология пайдаланылған екен. Жарнамадан голланд тілінде "Асыңыз дәмді болсын" деген тілекті де қоса оқуға болады. 

0 пікір
Мұрағат