Радикалды буддашылар мұсылмандарды дауыс беру құқығынан айыруды талап етіп отыр
Радикалды буддашылар мұсылмандарды дауыс беру құқығынан айыруды талап етіп отыр
2 жыл бұрын 521

Мьянмадағы радикалды будда монахтары мен саясаткерлері осы елдегі азшылықты құрайтын рохиньялық мұсылмандардың дауыс беруін қамтамасыз ететін құқықты конституцияға енгізу жөнінде парламент шешім қабылдайтын болса, жалпы ұлттық наразылық акциясын өткізетіндерін айтып, ел билігіне сес көрсетті. Айта кетейік, Мьянмада тұратын 1,1 млн рохиньялық мұсылмандар буддашыл радикалдардан қуғын-сүргін, зорлық-зомбылық көріп, кемсітушілікке ұшырап отыр. Нақтырақ айтқанда, рохиньялық мұсылмандар осы жердің байырғы халқы болғанымен мемлекет оларды заңсыз босқындар санатына жатқызып отыр әрі рохиньялық мұсылмандар өрекениет игіліктерінен, атап айтқанда, білім алу мүмкіндігі жоқ, медициналық қызметті пайдалана алмайды. Reuters ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда осы елдің парламенті ақпан айының 2-і күні аталмыш референдумды өткізуге қатысты заң жобасын мақұлдаған болатын.

0 пікір