Жаһан жаңалықтары: АҚШ-та алғашқы шариғат соты ашылды
Жаһан жаңалықтары: АҚШ-та алғашқы шариғат соты ашылды
2 жыл бұрын 680

Малави мұсылмандары Африка құрлығында исламды жаюға кіріседі

Ислам ілімін Африка құрлығында кеңінен тарату, насихаттау ісін Малави мұсылмандары көрші жатқан елдерден, атап айтқанда, Зимбабведен және Замбиядан бастайтын болды. Олар бұл мақсатта Ислами ақпарат бюросының көмегін пайдаланатын болады. «Зимбабве мен Замбияда исламды жаю Малавидегідей жетістікке жете қоюы екіталай. Сол себепті, біз филиал ашуды жоспарлап отырмыз. Осы филиал арқылы наным-сенімі өзгелерге исламның негізгі ұстындарын жеткізетін боламыз»,- деді ұлттық үйлестіруші шейх Динала Чабулика. Оның айтуынша, ілім-білім ислам дінін жеткізуде, насихаттауда, жаюда аса маңызды рөл атқарады. Адамдар ислам дінін қабылдамас бұрын, алдымен оның қандай дін екенін білуі керек. Біздің міндет – барлық халыққа ілім-білімді жеткізу. 

 

АҚШ-та алғашқы шариғат соты ашылды

АҚШ-тың Техас штатының солтүстік бөлігіндегі мұсылман жамағаты аталмыш штат аумағында шариғат талаптары ескерілетін алғашқы соттты ресми түрде ашты. Ирвинг қаласында ашылған сотта азаматтық істерді қарастырады. Соның ішінде мұсылмандар арасындағы даулы мәселелерді шешуге, ажырасу процесін жүргізуге, т.б. атсалысады. Шариғат сотында қылмыстық істер қарастырылмайды. Имам Мождаһед Бақаштың айтуынша, бұл сотта қабылданған шешімнің орындалуы міндетті болып табыламайды. Ол тек түйткілді мәселелерді шариғат негізінде шешуге септесетін болады.

 

0 пікір