Банктерге мұсылман клиенттері қажет болмай тұр
Банктерге мұсылман клиенттері қажет болмай тұр
10 жыл бұрын 2946

Аталант мұхитының арғы жағалауындағы алпауыт елде мұсылмандарды ашық кемсіту оқиғаларының жиі орын алатыны жөнінде жиі хабарлап жүрміз. Алайда, бұл жолғысы тіптен сорақы. АҚШ-та мұсылман клиенттерінің және ислам ұйымдарының рұқсатынсыз банктегі есепшоттарын жауып тасаған. Бұл жайында Press TV ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш ақрапат көзінің хабарына қарағанда, оның себебі де түсіндірілмеген. Америка-ислам қатынасы жөніндегі кеңес осы келеңсіздікке байланысты АҚШ-тың әділет министрлігіне шағым түсірді. «Біздің бөлімше қаржыны тұтыну нарығындағы кемсітушілікке қатысты кез келген айыптауға бей-жай қарамайды және көрсетілетін қызметке әділ әрі тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге ниетті. Алайда, біз тергеу амалдарына қатысты ештеңе дей алмаймыз»,- деді осы шағымның негізінде мәлімдеме жасаған аталмыш министрлік өкілі.

0 пікір
Мұрағат