Қытайлар қашып жатыр
Қытайлар қашып жатыр
7 жыл бұрын 6645 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2016 жылы қарулы қақтығыстан және табиғи, техногенді апаттардан бас сауғалағандар саны сарапшылар есебі бойынша 31,1 млн адамға жеткен. Бұл жайында Босқындар ісі жөніндегі норвегиялық кеңестің баяндамасында айтылған. Өткен жылы әдеттегідей соғыстан көз ашпаған Сириядан емес,  Конго демократиялық республикасынан қашқан босқындар саны көп болып шыққан. Яғни, қарулы қақтығыс орын алған аталған елден 922 мың адам босып кеткен. Ал Сириядан 824 мың адам өзге елдерге ағылған. Үшінші орында  - Ирак: 659 мың адам босқын атанған. Одан кейінгі орындарда Ауғанстан, Нигерия және Йемен тұр. Құқық қорғаушылардың есебіне қарағанда, табиғи (құрғақшылық, өрт, су тасқыны, т.б.) апаттардан бас сауғалайтындардың қарасы қарулы қақтығыстан қашатындардан үш есе көп болып шыққан. Табиғи катаклизмдердің салдарынан үй-жайын тастап шыққандар саны бойынша қытайлар көш бастап тұр – 7,4 млн адам. Одан кейінгі орында - Филиппин (5,9 миллион адам), Үндістан –(2,4 млн адам) және Индонезия (1,2 миллион адам). 

0 пікір
Мұрағат