Пайда қуған тіленшілердің дүние-мүлкі тәркіленеді
Пайда қуған тіленшілердің дүние-мүлкі тәркіленеді
7 жыл бұрын 2961 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қасиетті Рамазан айында мұсылмандардың жомарттығын пайдаланып, пайда тауып қалуды мақсат еткен тіленшілермен тәртіп сақшыларының өзі айналысады. Ел көп жүретін қоғамдық орындарда ары өткен, бері өткеннен тиын сауған тіленшілерді қылмыстық істермен шұғылданатын полицияның өзі бақылауына алатын болады. Тіпті, Дубай полициясы бастығының орынбасары, генерал-майор Халил Ебраһим әл-Мансұр жұртты көшеде алақан жайған өтірік тіленшілерге бергенше, садақаларын қайырымдылық қорына аударуға шақырды. Дубай полициясы келтірген мәліметке қарағанда, өткен жылғы ораза айында тіленшілікті кәсіп етіп алғандардан 614 адам тұтқындалған. Тексере келгенде олар мұқтаж емес болып шыққан. Ондайлар жауапқа тартылып, жаза ретінде бір ай абақтыға жабылады және дүние-мүлкі тәркіленеді. Егер шынымен тіленшінің мұқтаж жан екені белгілі болса, олар қайырымдылық қорына табысталады. 

0 пікір
Мұрағат