Қырғызстанда әйелдерге ерлерсіз қажылыққа баруға рұқсат етілді
Қырғызстанда әйелдерге ерлерсіз қажылыққа баруға рұқсат етілді
6 жыл бұрын 2384

Биыл бірінші рет тұрмысқа шықпаған қыздар, баласыз әйелдер және жесір келіншектер қажылыққа өз еркімен бара алады. Бұл жөнінде Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Жолдош Абдылдаев мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі centralasian.org басылымына сілтеме жасап. 

«Аналардың өтініші бойынша биыл тұрмысқа шықпаған, бала тумаған және жесір 20 қыз-келіншек бірінші рет қажылыққа барғалы отыр», - деді Абдылдаев.

Соңғы кезде Қырғызстанда Меккеге қажылыққа барғысы келетін әйелдер саны артқан. Олардың жасы шамамен 35-60 жас аралығында. Осының алдында әйелдер тек ер азаматтардың немесе туыстарының алып жүруі бойынша қажылыққа баратын.

Биыл Сауд Арабия Қырғызстанға 5400 квота бөлген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 640 орынға артық. Мұсылманның бес парызының бірі үлкен қажылық биыл тамыз айына сәйкес келіп тұр. Оған шілде айында жолға шыға бастайды. Қажылық құны 2850 доллар тұрады. 

0 пікір
Мұрағат