Баланы үйде сүндетке отырғызуға тыйым салынды
Баланы үйде сүндетке отырғызуға тыйым салынды
6 жыл бұрын 3256

Түрікменстанның солтүстік аймағында жергілікті билік баланы үйде сүндетке отырғызуға қатаң тыйым салып жатыр,деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі. 

Соңғы айда Дашогузда полиция мен ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері бақсы, емшілерді ұстап, "балаларды сүндетке отырғызсаңдар, айыппұл саламыз" деп ескертіп жатыр екен.

«Бірінші рет 3000 манат (Орталық банк курсы бойынша 857 доллар) көлемінде, егер екінші рет ұсталса, түрмеге отырғызамыз деп ескертті», – деді Азаттыкқа Акдепин ауданының тұрғыны.

Жергілікті билік тұрғындарға балаларын тек мемлекеттік ауруханаларда ғана сүндетке отырғызуын талап етіп жатыр. Ал бұл Дашоғыз халқына қиынға соққалы тұр дейді тұрғындардың бірі.

«Баланы ауруханада сүндеттеу үшін кассаға 30 манат төлейсіз. Осыдан кейін дәрігерлер дәрілердің тізімін жазып береді. Ол да - ақша. Сонымен бірге дәрігердің қолына кемінде 200 манат ұстатасыз. Ал емшілерді шақырсаңыз, қолына 100 манат бересіз, болды. Басқа шығынды қажет етпейді», – дейді Сапармұрат Түрікменбашы ауданының тұрғыны.

Ресми ақпаратқа қарағанда, өткен аптада құқық қорғау органдары Дашоғызда зейнетке шыққан уролог-хирургты үйінде сүндетке отырғызғаны үшін ұстап, ісін сотқа берген.

0 пікір
Мұрағат