Құрбан айтта тұңғыш рет үш күн демалыс беріледі
Құрбан айтта тұңғыш рет үш күн демалыс беріледі
6 жыл бұрын 7355 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан мұсылмандары тұңғыш рет қасиетті Құрбан айт күндерін толық мерекелеуге мүмкіндік алды. Яғни, Құрбан айттың құрметіне ел президентінің жарлығына орай үш күн қатарынан демалатын болады. Бұл жайында «Спутник» ақпарат көзі хабар таратты. "2018 жылы Құрбан айттң алғашқы күні тамыз айының 21-не, сейсенбіге тура келетіндіктен мұсылмандар басқармасының шешімін ескере отырып, тамыз айының 21-23 күндері ел аумағында мейрам ретінде кеңінен аталып өтіледі",- деп айтылған аталмыш елдің әділет министрлігінің Telegram арнасында. Мемлекет басшысы Шавкат Мирзеев тиісті министрліктер мен ведомстволарға мерекені ойдағыдай өтуіне жағдай жасау туралы тапсырмалар берген. Тұрғындарының 90%-дан астамын мұсылмандар құрайтын Өзбекстанда биыл Ораза айт та тұңғыш рет үш күн қатарынан демалыс алған еді. 

0 пікір
Мұрағат