"Мен бұл баланы жек көрем" - мәңгілік бала бейне (фото+видео)
"Мен бұл баланы жек көрем" - мәңгілік бала бейне (фото+видео)
6 жыл бұрын 7698 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Польша тумасы Томаш Надолски аса сирек кездесетін, Фабри деп аталатын генетикалық дертке шалдыққан. Яғни, 25 жастағы жігіт ағасы 12 жастағы жеткіншек кейпінде қалып қойған. Бұл жайында The Sun ақпарат көзі хабар таратты. "Менің жасым 25-те, мен өз жасыма лайық көрінгім келеді. Мен күнде айнадан көретін бұл баланы жек көрем",- деді ол ашына тіл қатып. Аталған сырқатқа бала 8 жасында шалдыққан. Алдымен жүрегі айнып, іші ауырып, артынан қолы мен аяғы сырқыраған. Оны мектептегі құрдастары да, басқа сыныптағы оқушылар да "қаңқа" деп мазақтаған. Тән сырқатынан бұрын жан азабын айтсаңызшы. Емі табылмаған дерттен ол мәңгілік бала бейнесінде қалып қойған. Тіпті, туған-туыстарының өзі оған әлі күнге бала деп қарайды. Сондай-ақ, құжатын көрсететін ресми орындарда оған адамдар күмәнмен қарап, "жалған құжат жасатты" деп айыптап жатады. 

 

0 пікір
Мұрағат