Қоғамдық жерде түкіргендер түрмеге жабылады
Қоғамдық жерде түкіргендер түрмеге жабылады
4 жыл бұрын 1612 bugin.kz Айжан Мүтә

Қытай билігі 12 аймақта түкіруге заңмен тыйым салды. Ондай қадамға вирустың қарқынды түрде көбеюінен кейін келген. Бұл туралы RFA басылымы хабарлады. 

Түкіру арқылы вирусты қоғамдық орында тарату орын алатынын айтқан дәрігерлер, биліктен заңмен тыйым салуға шақырған. Билік өкілдері ендігі таңда заңмен тыйым салып, ережені бұзғандарды қатаң жазаламақ. Тіпті, "қасақана ауруды таратты" деген желеумен өмір бойы бас бостандығынын айырылулары мүмкін. Дегенмен ондай шешім шығармас бұрын, оны ең алдымен барынша тексеру жүреді. Көбіне әкімшілік, кейде қылмыстық іс қозғалмақ. 

0 пікір
Мұрағат