Құс фабрикасына халал сертификаты берілді
Құс фабрикасына халал сертификаты берілді
4 жыл бұрын 2237 muftyat.kz Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Баянды ауылында орналасқан «Тұман-Шах» ЖШС құс фабрикасы «Халал Даму» ЖШС сертификатын алды.

Фабрика тәулігіне 1200 тауық союға қауқарлы. ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС тауық еттеріне арналған стандарттарды негізге ала отырып, балапан күнінен бастап сою аралығында берілетін қорегі, шариғат талаптарына сай қолмен сойылуы, қанның құс денесінен толық ағуы, нәжістен толық арылтуы, етті өңдеу кезіндегі температуралық режимді сақтау сынды т.б. талаптардың қатаң сақталуын бақылауға алып отыр.

Бүгінде Маңғыстау облысы бойынша халал сертификатын алған кәсіпорындар тізімі:

1. Coffee River кофеханасы, Маңғыстау обл, Жаңаөзен қ, Өркен ш/а, 63-үй.

2. Coffee River кофеханасы, Маңғыстау обл, Жаңаөзен қ, «Жаңаөзен» ойын-сауық кешені, 2 қ.

3. Coffee River кофеханасы, Маңғыстау обл, Ақтау қ, 11 ш/а, 58-үй.

4. «Берекет» ет дүкені, Маңғыстау обл., Жаңаөзен қ.

5. Мұздатылған жартылай дайын өнімдер, Маңғыстау обл., Ақтау қ., Шығыс 2 көшесі, өндіріс аймағы, 100/3.

6. Мұздатылған жартылай дайын өнімдер, Маңғыстау обл., Ақтау қ., 26 ш/а, 22 үй.

7. Дәмхана, Маңғыстау обл., Ақтау қ., «Толқын 1» мөлтек ауданы, 112/1.

8. «Тұман-Шах» ЖШС құс фабрикасы, Маңғыстау обл., Мұнайлы ауд., Баянды ауылы, өндірістік аймақ 1, құрылыс 111.

0 пікір
Мұрағат