Қажылыққа баратындардың биометрикалық мәліметтері алынады
Қажылыққа баратындардың биометрикалық мәліметтері алынады
5 жыл бұрын 2779 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Маусым айының 12-сі күні Мысыр билігі биыл қасиетті сапарға аттанатындардың биометрикалық мәліметтері, яғни, көз қарашығы мен саусақ іздері алынатынын жария етті. Бұл жайында мысырлық Al Ahram ақпарат көзі хабар таратты. Пирамидалар елінің бірлік жөніндегі министрлігінің осы мәселеге қатысты ресми мәлімдемесінде айтылғандай, сканерлеу Саудияның қажылық бойынша ережелер жиынтығы негізінде жүзеге асырылады. Яғни, қажыларға виза аштыру үшін биометрикалық мәліметтер жиынтығы болғанын қалайтын ереже турасында сөз болып отыр бұл арада.

0 пікір
Мұрағат