Кәрістер дәстүрлі тағамынан бас тарта бастады
Кәрістер дәстүрлі тағамынан бас тарта бастады
5 жыл бұрын 3445 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Корея тұрғындарының күрішті тұтыну мөлшерінің жан басына шаққанда жылына 1,9%-ға кемитіні айтылып жүр. Бұл жайында кәрістердің Yonhap News ақпарат көзі таңғы шық елінің ауыл шаруашылық экономикасы институтының өкілдеріне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Бұған кәрістердің тағам рационында соңғы уақытта жиі көрініс беріп жүрген жартылай дайындалған өнімдер мен еуропалық тағамдар мәзірі себеп болуда. Осылайша еуропалық тағамдар кәрістердің ас мәзірінен ұлттық тағам түрлерін ығыстырып шығаруда. Сөз орайы келгенде айта кету керек, 1970-ші жылдары аталған елде жан басына шаққанда күрішті тұтыну мөлшері рекордтық деңгейге жеткен болатын, яғни, жылына бір кәріс 136,4 келі күрішті тұтынған екен. Алайда, 80-ші жылдардан бастап, күрішті тұтыну мһлшері азая бастаған. Атап айтқанда, 1980-ші жылдары күрішті тұтыну мөлшері 1%-ға, 1990-шы жылдардан бастап 2,3%-ға, 2000-шы жылдардан бастап 2,6%-ға, ал 2010 жылдан бастап 2,3%-ға кеміген. Сарапшылардың айтуынша, кәрістердің күрішті тұтыну мөлшерін азайтуына үйден тысқары жерлерде, мәселен, көшеде тез дайындалатын тағамдармен жүре тамақтануды әдетке айналдырғаны себеп болуда.

0 пікір
Мұрағат