Полиция тұтқындаған кезде онысын таспаға тартып алуға міндеттеледі
Полиция тұтқындаған кезде онысын таспаға тартып алуға міндеттеледі
4 жыл бұрын 2515 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2020 жылдың сәуір айының 1-нен бастап Өзбекстанда адамды қандай да бір себеппен немесе қылмыс үстінде қолға түсірген кезде ұсталған адамға оның құқықтары, қорғаушыдан бас тартуға немесе оның көмегіне жүгінуге де құқылы екенін түсіндіріп, оны таспаға тартып алуға, яғни, видеоға түсіріп алуға міндеттелді. Өзбек полциясы. Бұл жайында Өзбекстан президентінің қаулысында айтылған. Осылайша өзбек заңнамасында тінту, оқиға орнынан алынған айғақты тексеру және тергеу тәжірибесі секілді таспаға тартылуы міндетті процессуалдық әрекеттер қатары тағы бір әрекетпен толықты. Сондай-ақ, аталмыш қаулыға сәйкес полиция қызметкері тұлғаны ұстаған кезде оның отбасына, отбасы болмаған жағдайда туыстарына сол сәтте хабарлауы тиіс. Шавкат Мирзеев билік басына келгелі бері құқық қорғау орындарының жұмысын барынша ашық әрі халықаралық талаптарға сай өзгертіліп жатыр.

0 пікір
Мұрағат