Парсы шығанағында 5 000-нан аса мұсылман 12 тонна қоқыс жинады
Парсы шығанағында 5 000-нан аса мұсылман 12 тонна қоқыс жинады
2 жыл бұрын 516

Сауд Арабиясының әл-Жүбәйл қаласында өткен «Қоқыссыз қоршаған орта» деп аталатын табиғатты аялау науқанына өз еркімен 5000-нан астам мұсылман атсалысты. Осынау қоғам үшін игілікті шараға қатысқандар жағажайларды, қала көшелері мен жолдарды қоқыстардан тазартты. Аталмыш акция күллі әлемде жыл сайын аталып өтетін қоқыстан таза апталық аясында өтті. Өз еркімен акцияға қатысқандар арасында шенеуніктер болды. Мұндай акция  Парсы шығанағының өзге елдері мен қалаларында да болды. Ұзын саны 5000-нан аса адам 12 тоннадан аса қоқыс жинаған.

0 пікір
Мұрағат