Мұсылмандарды қорлайтын сурет жасаған үнді азаматы абақтыға жабылуы мүмкін
Мұсылмандарды қорлайтын сурет жасаған үнді азаматы абақтыға жабылуы мүмкін
9 жыл бұрын 3586

Сауд Арабиясында Үндістаннан келген азамат тұтқындалды. Ол нұрлы Мекке шаһарындағы қасиетті Қағбаны таспаға тартып алып, артынан фотомонтаж жасап, компьютердің көмегімен әл-Харам мешітінің ішінде орналасқан Қағбаның орнына индустар шіркеуін қойып, оны Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасына орналастырған. Бұл жайында Saudi Gazette ақпарат көзі хабар таратты. Саудиялық қорғаушы Салех әл-Гамдидің айтуынша, үнділік азамат мұсылмандарды қорлайтын мұндай қылмысы үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айырылып, 3 млн саудиялық риал айыппұл төлеуі мүмкін. Белгілі болғандай, Сауд Арабиясында діни құндылықтарды қорлайтын электронды материалдарды жасап, ғаламторға немесе бұқаралық ақпарат құралдарына орналастырған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазаланады.

0 пікір
Мұрағат