Палестиналықтарға өлім жазасы қарастырылатын заң жобасы қабылданды
Палестиналықтарға өлім жазасы қарастырылатын заң жобасы қабылданды
6 жыл бұрын 2662 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сәрсенбіде, яғни, кеше Израил парламенті - Кнессет "террористерге" өлім жазасы қарастырылатын заң жобасын асығыс қабылдады. Асығыс қабылдады дейтініміз, аталмыш заң жобасы алдын-ала оқылымда мақұлданып кетті. Астын сызып тұрып айта кететіні, Израилде әдетте террористер қатарына өздерінің басқыншылық саясатына қарсы бас көтерген палестиналықтардың бәрі автоматты түрде жатқызылады. Аталған заң жобасын жақтап дауыс берген 52 депутаттың уәжі бойынша Израилдің жаулап алған жерін даулағандардың бәрі өлім жазасына лайықты. Бір қызығы, Кнессет депутаттарының жартысына жуығы, дәлірегі, 49-ы бұл шешімге қарсы шықты. Жанжал тудырған аталмыш заң жобасын "Израил - біздің үйіміз" деп аталатын партия дайындаған болатын. Аталмыш партияны бұрынғы КСРО тумасы әрі қазіргі уақытта Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдерден келген иммигранттар арасында қоодауға ие болып отырған Авигадор Либермен басқарады. Олар палестиналықтарға ымырасыз саясат ұстануымен ерекшеленеді. Тағы бір айта кететіні, бұл заң жобасын ел премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың өзі қолдап отыр. Ең сорақысы, сионистер мақұлдаған аталмыш заң жобасында бір үкімі шыққан өлім жазасын қайта қарауға тыйым салынған. 

0 пікір
Мұрағат