Саудияға қанша ел виза аштыра алатыны белгілі болды
Саудияға қанша ел виза аштыра алатыны белгілі болды
6 жыл бұрын 2610 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі 2018 жылдың 1-ші тоқсанынан бастап туристік виза аштыра алатын елдердің тізімін ұлғайтты - 65-ке дейін. Бұл жайында жергілікті "әл-Иктисадия» мерзімді басылымы хабар таратты. Аталған ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, бұл тізім кейін тағы ұлғайтылуы мүмкін. Дәл қазіргі уақытта Саудия билігі тек жұмысшыларға. отбасылы адамдарға және қажыларға виза бере алады. Десе ед алдағы уақытта, бұрын да бір хабарлағанымыздай, Саудия жылына 30 млн туристке дейін қабылдауды алдына мақсат етіп қойып отыр. "Сауд Арабиясы - мұсылманның тоқтайтын жері" деп аталатын мемлекеттік жобаның жетекшісі Халид Тахердің айтуынша, визаны қажылардан бөлек визаны мұсылман туристер де, бизнеспен айналысатын туристер де аштыра алады. Оның өзінде, аталған мемлекет шақырса ғана. Сондай-ақ, транзиттік жолаушылар да. Әзірге қанша мемлекеттің азаматтарына виза аштыратыны белгілі болса да, виза аштыруға рұқсат етілген елдердің тізімін және виза құнын жарияламай отыр. Бір айта кететіні, аталмыш жоба жетекшісінің сөзіне қарағанда, туристерді жеті бағыт бойынша қабылдайды. Атап айтқанда, халықаралық маңызы бар көрмелер мен жиындарға қатысуы үшін, туристік бағыт бойынша саяхаттауы үшін, денсаулыққа байлынасты, елдің мәдени мұрасымен танысуы үшін және инвестиция. Сонымен қатар, қажылық мақсатта. Жолдаманы саудиялық туроператорлар арқылы рәсімдеу міндетті.  Бұл жайында қасиетті Мекке қаласының туризм және көне жәдігерлер басқармасының директоры Мұхаммед әл-Амри мәлім етті. 

0 пікір
Мұрағат