Палестиналық бозбала жөйттердің қолынан қаза тапты
Палестиналық бозбала жөйттердің қолынан қаза тапты
2 жыл бұрын 799

Израиль тарапынан жаулап алынған Палестина аумағындағы ахуал асқына түсті. Соңғы уақытта палестиналық тұрғындар мен Израиль сарбаздарының арасындағы қақтығыс ширығып, шегіне жетті. Жуырда Құдыс шаһарында Мұхаммед Әбу Қадыр есімді бозбаланы Израиль басқыншылары айуандықпен өлтіріп кеткен. Бұған қоса, қыршынынан қиылған бозбаланың сүйегін туыстарына беруден бас тартып отыр. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, 16 жастағы бозбалаға Құдыс қаласындағы Шуафат ауданында орналасқан мешіттің маңында шабуыл жасалған. Оны автокөлікке күштеп отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Марқұмның сүйегі тек келесі күні ғана табылған. Осы қанды оқиғадан кейін ашынған жергілікті палестиналықтар мен жаулап алушылар арасында қақтығыс болған. Артынша израилдіктер блокадада қалған Газа секторына көктен шабуыл жасап, кем дегенде он бір палестиналық жарақат алды. Жарақат алғандардың ішінде аяғы ауыр әйел де бар.

1 пікір
  • Бұл Бани Исраил қауымы Алланың ашуына ұшыраған қауым. Бұлардан зұлымдықтың ең сорақысын күтуге болады. Бұлар адамдықтан алыстап кеткен халық. Алла тағала қасиетті Рамазан айында мұсылман бауырларымызға жәрдем еткей!!!
    2 жыл бұрын