Палестина тарихи қадам жасады
Палестина тарихи қадам жасады
6 жыл бұрын 5418 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Палестина билігі өзінен неше есе мықты жауынан, жәлірегі, израилдіктерден қорғану үшін барлық амалдарды қарастыруда. Соның ішінде, Халықаралық қылмыстық сотқа ресми түрде Израил билігінің үстінен шағым түсірді. Тарқатып айтқанда, Палестинаның сыртқы істер министрі Рияд әл-Мәлік Гаагада орын тепкен аталмыш сотқа арнайы ат басын тіреп, прокурор Фату Бенсудамен кездесті. Бұл жайында Al Jazeera ақпарат көзі хабар таратты. "Палестина мемлекеті ұдайы, ауқымды әрі жүйелі қылмыстан зардап шегіп келе жатқан палестина халқы үшін әділеттілік жолында тарихи әрі маңызды қадам жасады",- деп мәлімдеді ол прокурор Фату Бенсудамен кездесуінен соң. Халықаралық қылмыстық сотқа түсірген шағымда Израил билігінің толып жатқан, халықаралық нормаларға қайшы әрекеттері тізілген. Атап айтқанда, Палестина жерін күштеп тартып алу, заңсыз құрылыс жұмыстарын жүргізу, табиғи ресурстарды заңсыз пайдалану, шеруге шыққандарды өлтіру, т.б. Десе де мынаны айта кету керек, Израил халықаралық қылмыстық сот келісіміне енбейтіндіктен Палестина билігінің бұл әрекеті қаншалықты сәтті аяқталатынын кесіп айту қиын. Ал Палестина халықаралық қылмыстық сотқа 2015 жылдан бері мүше. 

0 пікір
Мұрағат