Кәмелет жасына толмаған балалардың мешітке баруына рұқсат етілді
Кәмелет жасына толмаған балалардың мешітке баруына рұқсат етілді
6 жыл бұрын 3705 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбектер астанасындағы мешіттерде ұзақ жылдарға созылған тыйым өз күшін жойып, кәмелет жасына толмаған балалардың тарауық намазына қатысуна рұқсат берілді. Ресми түрде. Билік тарапынан. Бұл жайында Ташкент шаһарындағы Шайхантахур ауданының бас имамы Одилхан кори мәлім етті. Қасиетті Рамазан айында қуанышты жаңалықты мұсылман жамағатымен бөліскен ол: "Осы күннен бастап, мешіт есігі балаларға да айқара ашылды. Аллаға шүкір, бұл үлкен жетістік",- деді ол тоқи тіл қатып azon.uz сайтынан видеоүндеуінде. Сөз орайы келгенде айта кету керек, марқұм Ислам Кәрімов ел басқарып тұрған жылдары өзбек балаларына мешіт есігі тарс жабылған еді. Биліктің пәрменімен. Тіпті, ата-анасы қасында жүрсе де балалардың мешітке бас сұғуына қатаң тыйым салынған болатын. 

0 пікір
Мұрағат