Пәкістан мұсылмандары 50 градус ыстықта ораза ұстауда
Пәкістан мұсылмандары 50 градус ыстықта ораза ұстауда
2 жыл бұрын 1526 islam.ru

Пәкістандық мұсылмандарға шіліңгір шілденің таңдай кептірер ыстығында ораза ұстауға тура келуде. Әлемнің көптеген елдерінде ораза шілдеге тура келгенімен, Пәкістанның 50 градус ыстығына тең келмейді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек Пәкістанда термометр көрсеткіші 50-ді көрсетіп тұр.

«Осы уақытқа дейін мұндай ыстық болған емес. Бірақ маған бұл қорқынышты емес. Осындай күннің ыстығында 16 сағат бойы ораза ұстау Алланың шексіз құдіретін терең сезінуге көмектеседі» - дейді Карачи қаласының 67 жастағы тұрғыны Гүлзар Хусейн. 

1 пікір