Мәскеуде және елімізде оқылған алғашқы тарауих намаздары
Мәскеуде және елімізде оқылған алғашқы тарауих намаздары
10 жыл бұрын 6042

Мәскеу мешітіндегі тарауих намазы

Маусымның 28-не қараған түні Мәскеу қаласының жамағаты "Тарихи мешітке" Рамазан айында оқылатын тарауих намазын оқуға жиналды. Мешіттің бас имамы Рамил Садықов жиналған көпшіліктің алдына шығып, Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтады. Сондай-ақ, барлық мұсылмандарға кәміл иман, Аллаға ғибадат ету жолында сабырлық, тұтқан оразаларының қабыл болуын тіледі.  

Тарауих намазы ұзақ намаз болғандықтан түн жарымынан ары асады. Ал, Мәскеудің метросы бұны күтпейді. Сондықтан да, жамағаттың үйге қайтуын қиындатпай, метро жабылғанша намазды қысқа оқуға тура келді. 

Айта кетер тағы бір жайт, тарауих намазы тек бұл ғана емес, Мәскеу қаласының және облысының барлық мешіттерінде оқылды.

 

 

 

 

"Әзірет Сұлтан" мешітіндегі тарауих намазы (видео)

 

«Нұр Астана» мешітіндегі тарауих намазы

7-маусым кешінде «Нұр Астана» орталық мешітінде алғашқы тарауих намазы оқылды. Қасиетті ай қарсаңында тарауихқа ыстық ықыласпен жиылған жамағатқа «Нұр Астана» мешітінің  бас имамы Наурызбай Өтпенов Рамазан айының қадір-қасиеті жайында уағыз насихат айтты. Өкіл имам отыз күн оразада тарауих намазында хатым құран түсірілетіндігін айта келіп, намаз өткізетін қариларды таныстырып өтті.

Елорда төріндегі мешітте қасиетті құран хатымын республикалық қарилар орталығының бас директоры Сәдуақас қари Олжабаев, «Нұр Астана» орталық мешітінің найб имамы Төлеби қари Оспан және Қайырбай қари Дәукен оқиды.

Бұған қоса, қаладағы өзге де мешіттерде тарауих намаздары басталып, құран хатым түсіруді қолға алып отыр.

Алғашқы тарауих намазынан-ақ Алланың үйіне жиылған жамағаттың көптігіне көңіл сүйсінеді. Ес білген баладан еңкейген қарияларға дейін бір қатарда тұрып, оқылған тарауих кешінен бірлік пен берекенің, ынтымақ пен мейірімділіктің самалы ескендей әсер береді. Тарауих намазы соңында бас имам Наурызбай қажы Тағанұлы барша мұсылман қауымына, ел мен жерге Алладан амандық-есендік тілеп, дұға етті. 

Жайық НАҒЫМАШ

ummet.kz

 

"Иманғали" мешітіндегі тарауих намазы 

Атырау қаласындағы «Иманғали» орталық мешітінде барша жамағат  тарауих намазына жиылды. Қасиетті Рамазан айы қарсаңында оқылған дұға алдында Атырау қаласының жақын арада тағайындалған әкімі Нұрлыбек Жұмахметұлы Ожаев мешітке арнайы атбасын тіреп, оразаны асыға күткен жамағатты қасиетті айдың бастау алған кұнімен құттықтады.

  

Сонымен қатар, кездесуде Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Шохаев Еркінбек Керімбекұлы күллі мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айымен құттықтап, жамағатты ауызбіршілікке шақырды.

Кездесу соңында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы Рамазан айы қарсаңында арнайы келген қала әкімінің қадамына жамағат атынан алғысын білдірді.

  «Иманғали» орталық мешітінің 

баспасөз қызметі

2 пікір
  • Зейнеп Ахметовамен қалай хабарласуға,тілдесуге,пікір алысуға болады?
    10 жыл бұрын
Мұрағат