Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мешітінде қанша адам итикафқа кірді?
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мешітінде қанша адам итикафқа кірді?
7 жыл бұрын 2930 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қасиетті Мәдина қаласындағы Пайғамбар (ﷺ) мешітінің істерімен шұғылданатын президиум мәлім еткендей, Рамазан айының соңғы он күнінде орындалатын итикафқа 13655 қажы кірген. Олардың дені ер-азаматтар. Нақтырақ айтқанда, аталған мешітте итикафқа кірген ер адамдардың қарасы - 11 432, ал әйелдер - 2143. Қасиетті Рамазан айының соңғы он күнін Пайғамбар (ﷺ) мешітінде өткізгісі келетін қажылар алдын ала электронды жолмен өтініш береді. Аталған мешітте итикафқа кірген адам тәртіп сақтап, мешіттің ішін ластамауы керек әрі өзгелерді мазалмауы тиіс. Итикаф мерзімі  Ораза айтына қараған түні ақшам намазынан кейін аяқталады. 

 

0 пікір
Мұрағат