Түркітер әйелдерін қалай қорғайды?
Түркітер әйелдерін қалай қорғайды?
7 жыл бұрын 3392 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркиядағы Бурса қаласының билігі қоғамдық көлікте, дәлірегі, метрополитенде әйелдерге жеке вагондар арнап отыр. Осылайша, әйелдерін бөгде ер адамдардың сұғынан қорғап, шариғат талаптарын сақтауға ұмтылып отыр. Аталмыш қала басшысы Режеп Алтепенің айтуынша. бұл әйелдерді жынысына қарап кемсіту емес, керісінше, оларға қоғамдық көлікте жағдай жасау. Ал Anadolu ақпарат агенттігнің хабарына қарағанда, қала тұрғындары шаһар басшысының бұл бастамасына қолдау білдіріп отыр. Билік өкілдерін мұндай қадамға Түркия аумағындағы қоғамдық көлікте орын алған жағымсыз жағдайлар итермелегенін айта кету керек. Ер адамдар тарапынан өзі танымайтын әйелдерге көз сүзу, бопсалау секілді шариғатқа қайшы әрекеттер жиі орын алатын болған. Мынаны айта кетейік, әйелдерге жеке автобус жалдау, жеке вагон арнау тек Түркияда жүзеге асырылып отырған жоқ. Бұдан бұрын Қытай, Жапония секілді мұсылман емес елдердің өзінде әйелдерді бөгде ер адамдардың сұғынан қорғау үшін жеке көліктер қарастырылған. 

0 пікір
Мұрағат