Пайдакүнемдік бір сәтте 140 адамды баудай түсірді (видео)
Пайдакүнемдік бір сәтте 140 адамды баудай түсірді (видео)
7 жыл бұрын 6807 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Пәкістанда қайғылы жағдай орын алды. Тарқатып айтқанда, аталған елдің шығысында бензовоздың жарылуынан кем дегенде 140 адам ажал құшып, ондаған адам ауыр жарақат алды, яғни, күйік шалды. Бұл жайында India Today ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтсақ, бұл қасірет Пенджаб провинциясына қарасты Бахавалпур қаласындағы тасжолда болған. Бензовоз аударылған кезде сол маңдағы адамдар ақтарылған цистернадан жанар-жағармай құйып алмақ болып ұмтылған. Олардың арасында аузына темекі қыстырғандары қасіреттің орын алуына себепкер болған. Ал Pakistan Radio-ның хабарына қарағанда, кейбір адамдар жақын маңдағы көршілес елді-мекеннен жанар-жағармай құйып алу үшін әдейі келген. Танкерден төгілген жанар-жағармай ақыры жарылып, арты алапат өртке ұласқан. Таяу маңдағы автокөліктер мен мотоциклдерді отқа ораған. Санаулы мезеттің ішінде бәрі түгі қалмай жанып кеткен. Жарақат алғандардың денесінің 70%-ын күйік шалған. Дәрігерлер оларды аман алып қалу үшін тер төгіп жатыр. Reuters ақпарат ресурсының мәліметі бойынша өртті сөндіруге екі сағат уақыт кеткен. 

 

0 пікір
Мұрағат