Өзбектер де жауын суын пайдалануға көшеді
Өзбектер де жауын суын пайдалануға көшеді
1 ай бұрын 719 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті9

Өзбекстанның экологиялық партиясы су ресурсы тапшы Орта Азия аймағында жауын суын пайдаланудың бағдарламасын әзірлеуді бастама етіп көтерді. Бұл жайында islam.kz порталы kun.uz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған партияның баспасөз қызметінің келтірген дерегіне қарағанда, соңғы жарты ғасырда Орта Азиядағы мұздақтардың шамамен 30%-ы еріп кеткен. Өзбекстан «су стресінен» зардап шегетін елдер арасында 25-ші орынға табан тіреген. Тазартылған жауын суын өндірісте пайдалану арқылы су ресурсын үнемдеу режиміне көшу есебінен бір адам күніне орташа есеппен 71 литр ауызсуын рәсуа етпейді. Өзбекстанның су ресурстары министрлігінің мәліметінше, су тапшылығына байланысты республика соңғы уақытта өткен ғасырдың 80-жылдарындағы 64 миллиард текше метрден жылына 51-53 миллиард текше метрге дейін суды тұтынуды азайтты. Республикада бір адамға шаққандағы судың үлестік тұтыну мөлшері жылына 1,56 мың текше метрге дейін төмендеді, ал халық саны осы кезеңдегі 15 миллион адамнан 2023 жылы 36,8 миллионға дейін өскен. Орталық Азияның мемлекетаралық үйлестіруші су комиссиясының мәліметі бойынша 2040 жылға қарай өңірдегі суға қол жеткізу мүмкіндігі тұтыну деңгейінің артуы мен осы елдер экономикасының өсуіне байланысты 25 пайызға дерлік – бір адамға жылына 1,5 мың текше метрге дейін төмендеуі мүмкін. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суды шамадан тыс тұтынуы салдарынан Арал теңізінің тартылуына апарып соқтырды.

0 пікір
Мұрағат