Өзбекстанның пайдалы қазба байлығы қаншаға бағаланып отыр
Өзбекстанның пайдалы қазба байлығы қаншаға бағаланып отыр
6 жыл бұрын 9453 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы жылы Мемлекетік геология комитеті жер қойнауын пайдалануға рұқсат беретін 1200-нан аса лицензия берген. Мамандар мен сарапшылар өзбек жеріндегі пайдалы қазба байлығының қорын ақшаға шағып, шотқа салған екен - 5,7 трлн доллар. Бұл жайында мемлекеттік геология және минералды ресурстар комитетінің жетекшісі Азам Қадырқожаев мәлім етті. Оның айтуынша, өзбек аумағының тек 20%-ы ғана барланған. Жер қойнауындағы 5,7 трлн долларға бағаланған қазба байлықтың 1 трлн-нан асатыны - барланған қор әрі өндіріске әзірлеп жатқан кен орындары. Өзбек жер қойнауындағы бұл пайдалы қазба байлық алдағы уақытта Өзбекстан экономикасын биік деңгейге көтеріп, әлеуетті мемлекетке айналдырады.

0 пікір
Мұрағат