Ерекше дизайндағы медресе-колледж салынады (ВИДЕО)
Ерекше дизайндағы медресе-колледж салынады (ВИДЕО)
6 жыл бұрын 4728

Медресе оқу корпусы, жатақхана, кітапхана, әлеуметтік баспана, сауда үйі, мейрамхана, мешіт сондай-ақ қосымша инфрақұрылымдардан тұратын біртұтас Ислам Орталығының құрылысы болмақ, деп хабарлайды islamedu.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласы Оңтүстік-Батыс 2 ықшам ауданынан бой көтеріп жатқан жобаның жетекшісі – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев облыстағы діни кадр даярлайтын «Ақтөбе медресе» колледжінің әлеуетін арттыру мақсатында облыс орталығынан 5 га жер бөлді. Бұл медресе-колледжін ауылдан қалаға көшіру арқылы медресенің базалық әлеуетін арттыруға, дәстүрлі бағытты дәріптеуге, жастарды деструктивті діни ағымдардан арашалауға, медресені Қазақстанның Батыс аймағындағы Ислам орталығына айналдыруға мүмкіндік береді.

Қаржы көздерін тарту «краудфандинг» моделі жолымен – «қайырымдылық-садақа» жинау арқылы жүзеге асады. Қор жетекшісі: Нұрғалиев Бауыржан Достанұлы.

0 пікір
Мұрағат